«Тұтынушылардың құқығы мен талабы». Шымкетте осындай акция қолға алынды. Бастама аясында мектеп оқушыларына сапалы өнім мен оны таңдау жолы және тұтынушының сауаты жөнінде дәріс оқылып жатыр. Шәкірттер арасында сауалнама жүргізіліп, арнайы жазба жұмыстары да жазылуда.
Омар Мұхитдинов, А.С.Пушкин атындағы №1 мектепті ң оқушысы: «Бүгін диктант жаздық. Онда тұтынушы деген кім, оның құқықтары деген сияқты сауалдар кездесті. Менің түсінгенім, егер дүкеннен сапасыз немесе көгерген нан сатып алған жағдайды түбіртекті кері апарып, өнімді сатушыға табыстау қажет. Егер түбіртек бермейтін дүкен болса, міндетті түрде жағдайды айтып, шағымданған дұрыс. Егер оны кері алудан бас тартса, онда тиісті мекемелерге арыздану маңызды. Және тұтынушы 14 күннің ішінде арыз жазуға құқылы».
Облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі департамент өкілдерінің айтуынша, іс-шара жыл соңына дейін жалғасады. Тұтынушылар дәрісі де мектеп бағдарламасының күн сайынғы сабақтарына енгізілген. Себебі балаларының денсалығы үшін алаңдап, мекемеге арызданушылар қатары артқан.
Марат Төлебаев, облыстық тұтынушылыардың құқығын қорғау департаментінің бас маманы: «Қазіргі уақытта біздің мекемеге келіп, арызданушы тұрғындар көбейді. Олардың бізге хабарласып, ауызша айтқан шағымдарының әр сөзі жазылады, тіркеледі. Ал сатушы тұтынушының өнімін қабылдамай немесе өнімді алдап сатқан жағдайда, заң алдында 190-бап бойынша ішкі істер органдары әкімшілік жауапкершілікке тартады».