Жаяу жүргіншіні қағып кетті

Шымкент маңында жүк көлігінің жүргізушісі екі адамды қағып, мерт қылды. Қайғылы жағдай 27 қазан күні кешкі сағат 21.00 шамасында болған. Алматы-Ташкент-Термез тасжолының Сарыағаш ауданының 20 жастағы тұрғыны «Shacman» жүк көлігімен екі жаяу жүргіншіні басып кеткен.

Жаяу жүргіншіні қағып кетті

Соның салдарынан ауыр дене жарақаттарын алған 25-30 жас шамасындағы екі адам оқиға орнында мерт болды. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір осы факті бойынша Қазақстан Республикасы қылмысты кодексінің 345-бабына сай (Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) қылмыстық іс қозғалды.

Жаяу жүргіншіні қағып кетті

Полиция қызметкерлері марқұм болған азаматтардың жеке бастарын және оқиғаның орын алуы себептерін анықтауда. Сараптамалар тағайындалды.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.