Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жәбірленуші жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Грин бас» компаниясының №78 бағыттағы автобусы Тәуке хан даңғылындағы «Кең баба» аялдамасының жанындағы өткелден өтіп бара жатқан әйел адамға жол бермей, қағып кеткен. Ауыр жарақат салдарынан 35 жастағы азаматша оқиға орнында көз жұмды. Көліктің рөлінде 27 жастағы Б.Каримсаков есімді азаматтың орынғаны анықталды. Ол 2012 жылдан бері қоғамдық көлік саласында қызмет жасап келген. Қазір жауапты мамандар мен құзырлы мекеме аталған факт бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қаза болған азаматшаның туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтады. Және марқұмның отбасына қажетінше қолдау білдіріп, аталған оқиға бойынша барлық мәселені өзі қатаң бақылауға алатынын айтты.
Жалпы Шымкентте 2014 жылы 4 адам қоғамдық көліктің қағып кету салдарынан көз жұмса, биыл жыл басынан бері мұндай жағдай бірінші рет орын алып отыр. Алдағы уақытта қоғамдық көлік саласы бойынша жұмыстар үнемі назарда болатынын ескертеміз» делінген хабарламада.