Винокуров
Фото: //apgazeta.kz

Шымкентте өтетін қайырымдылық велошеруіне Олимпиада жеңімпазы Александр Винокуров қатысады. Бұл туралы ОҚО велоқауымдастығының жетекшісі Рауан Берікұлы хабарлады.

«Rixos Хадиша Шымкент – 2015» велошеруі жексенбі, 1 қарашада өтеді. Басталуы сағат 11:00-ге жоспарланған.

Винокуров
Фото: //apgazeta.kz

Мәре және сөре – «Rixos Хадиша Шымкент» қонақүйі. Қатысушылар Наурыз алаңына дейін барып, қайтып келеді дейді ұйымдастырушылар. Велошеру жолының жалпы ұзақтығы – 15 шақырым. Велошерудің ең белсенді қатысушылары сыйлықтармен марапатталады.

Қатысушылар мәреге жеткен соң қонақ үй аумағында қайырымдылық аукционы басталады. Александр Винокуров өзінің арнайы жасалған бірнеше «алтын» велосипедінің бірін осы аукционда сатуға тігеді. Бұған қоса жеке топтамасынан бірнеше веломайкалар сатады.

Қайырымдылық велошеруінің және аукционның мақсаты – велоспорттың дамуы, салауатты өмір сүру салтын насихаттау, жастардың велосипед мектептеріне қолдау көрсету. Қайырымдылықтан түскен барлық қаржы Қазақстанның жастар спорт мектептері үшін велосипед және жабдықтар сатып алуға жұмсалады.

Сонымен, велошерудің уақыты: 1 қараша, 2015.

Өткізу орны: «Rixos Хадиша Шымкент» қонақ үйі, Шымкент қ. Желтоқсан, 17.

Қатысушылардың жиналу уақыты: 10:00

Велошерудің бастауы: 11:00

Қашықтығы: 15 шақырым.

Бағыт: Велошеру қатысушылары «Rixos Хадиша Шымкент» аумағынан бастап, Желтоқсан көшесінен Қонаев даңғылына қарай бұрылады, 7 шақырымдай тіке жүріп, Наурыз алаңында айналып бұрылады және сол бағытпен қайта жүріп «Rixos Хадиша Шымкент» қонақ үйіне оралу керек.

Ұйымдастырушылар: «Rixos Хадиша Шымкент» қонақ үйі, «Қазақстанның велоқауымдастығы», Шымкент қаласы әкімдігі қолдауымен.

Серіктестер: Royal Fitness & SPA, «Бөген» минералды суы