800 отбасыға азық-түлік үлестірілді

32

Шымкентте ынтымақ күніне орай Орталық мешітте 800 отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді. Әкімдіктің ұйымдастыруымен өткен шараға қаламыздың қайырымды жандары демеушілік жасаған. Ал «Рамазан қоржыны» әлеуметтік осал топқа кіретін азаматтарға таратылды.

Бүгін Шымкентте 800 отбасыға «Рамазан қоржыны» таратылды. Қайырымдылық акциясына қатысушылар арасында көпбалалы ана Айгүл Нұржанова бар. 34 жастағы жалғызбасты келіншек қазір ерекше күтімді қажет ететін баланы асырап отыр. Сондықтан ол мұндай шара аз да болса, көмек екеніні айтады.

«Бізде Шымкент қаласында мүмкіндікгі шектеулі балалары бар аналар ұйымы бар. Нұрзила деген әпкеміз бастаған. Мен көмекшісімін. Менің қасымда тағы 27 ана бар. Соларды осында алып келіп жатырмын. Бізде осылай жылда қалталы азаматтар, мешіттен көмек беріліп отырады. Көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі, жалдамалы пәтерде жүрген аналарымыз осылай көмек алып жатқан жайымыз бар», – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Айгүл Нұржанова.

Қасиетті айда азық-түлік себетін тарату жыл сайынғы дәстүрге айғалған. Игі акция мегаполисте күн сайын өткізіледі. Десе де бүгін әкімдіктің ұйымдастыруымен қаланың 8 мешітінде 50 келі ұн, 2 лирт пісте май, күріш пен макорон өнімі үлестірілді.

«Бүгін де әкімшілік пен орталық мешіттің ұйымдастырумен кәсіпкерлерді үгіттеп, акцияға шақыру арқылы 800 отбасыға азық-түлік таратылып жатыр. Яғни, «Рамазан қоржыны». Бұған сеп болап жатқан кәсіпкер Интизамов Ильяр бауырымыз. Сол бауырымызға алғысымызды білдіреміз. Ал ертең де осындай 1000 адамға азық-түлік үлестіру жоспар бар», – дейді Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов.

Берекелі ай басталып, иісі мұсылман жұрты ораза ұстағалы 11 күн болды. Осы аралықта Шымкенттік жомарт жандар 15 мыңға жуық отбасыға көмек қолын созып, «Рамазан қоржынын» таратып үлгерген.