Шымкент қаласының әкімі шаһардың іскер азаматтарымен кездесті. Бұл жиынға облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев пен кәсіпкерлер палатасының басшысы да қатысты.
Билік өкілдерінің тексерісі тыйылғанымен, келтіретін кедергісі толастамай отырғанын жеткізген кәсіпкерлер өзекті сауалдарын ортаға салды. Бірі әкім ауысқан сайын өзгеріске ұшырайтын жарнама агенттіктерінің жұмысын сынға алды. Нәтижесінде бизнес өкілдері ғана жапа шегіп отырғанын жеткізді.
Сондай-ақ, кәсіпкерлер тарапынан өз үйлерін кафе немесе кеңсеге айналдыру мәселесі көтеріліп, бұл әрекеттің заңдылығы қаралды. Айта өтейік, бүгінгі таңда Шымкентте 60 мыңға жуық кәсіпкер бар.