Шымкентте Silk Way көрмесі өтіп жатыр. Алғаш рет қолға алынған шара облыстың транзит әлеуетін және аймақтағы көлік, қойма инфрақұрылымын дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Көлік, логистика, көлік инфрақұрылымы, қойма жабдығы және жол құрылысына арналған жобалардың көрмесіне отандық, Ресей және Беларусь елінен келген 50-ден астам компания қатысуда.
Сондай-ақ шарада жол құрылысының арнайы техникасы мен көлік логистикасын оңтайландыру жүйелері таныстырылды. Онымен қоса арнайы техниканың диагностикасы мен жөндеу саласындағы қызметтер ұсынылып жатыр.
Салтанатты шарамен басталған көрмеге шетелдіктермен қоса «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы және оның құрамына кіретін кәсіпорындар да өз өнімдерін ұсынды. Мұнда көлік, логистика, қойма жабдығы және жол құрылысына арналған бірегей жобалар таныстырылды. Мамандар көрмеге көп үміт артып отыр. Шараның біздің өңірде ұйымдастырылуы да тегін емес.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=RImvfCswzWU[/youtube]
Шымкентте көліктік-логистикалық орталық салуға 92 гектар жер бөлінген. Мұнда 230 мың текше метр «А» және «В» санатты қоймалары салынып жатыр. Қызмет толықтай іске қосылғанда мемлекет бюджетіне жыл сайын салық ретінде және басқа да аударымдар түрінде қомақты қаржы құйылмақ.