Футболдан Оңтүстік Қазақстан облысының чемпионаты өз мәресіне жетті. Көктемде басталған бұл дәстүрлі додаға 15 ауданның командасы қатысып, 4 үздік команда анықталған болатын.
Шымкенттің орталық стадионында жүлделі үштікті сарапқа салған матчтар өтті. Шардараның командасы 2:1 есебімен түркістандықтардан басым түсіп, алғашқы үштікті қорытындылады. Ал Созақтың құрамасы Сайрамның футболшыларын 2:0 есебімен жеңді.
Нәтижесінде Созақ ауданының аяқдопшылары чемпион атанды. Алтыншы жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан жарыста облыс әкімінің кубогы мен чемпионаттың бас жүлдесін жеңімпазға облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков табыс етті.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі