Түркістандықтар жаңа техникаға қол жеткізді

1270
Мақта кобайны

Оңтүстік өңірде мақта науқанының қызған шағы. Мұның ішінде түркістандық мақташылар да бар. Ашылған ақ алтынды қар астында қалдырмай жинап алу да дихандар үшін кезек күттірмейтін мәселелер қатарында.

Мақта кобайны

Осы орайда Түркістандық мақташылар бұл тығырықтан шығудың жолын біршама тапқан сияқты. Соның бірі «Нұр-Сармат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Беларустың «Гом Селмаш» зауытынан арнайы алдырған, мақта теретін «Каюм» маркалы тіркемелі алты комбайны деуге болады. Осы жаңалықты таныстыру мақсатында серіктестік басшылығы Яссы ауылдық округінде аталған техникаларды жұртшылыққа таныстырды.

Мақта кобайны

Мақта кобайны

 

— Жалпы, Түркістан аумағында 40 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілсе, оның 4 мыңға жуығы мақтаға тиесілі. Биылғы маусымдағы мақтаның бір тоннасының бағасы 100-105 мың теңгені құрауда. Осындай ырысты дақылды жинап алу да оңай шаруа емес. Осы тұрғыда Беларусьтан әкелінген бұл тіркемелі комбайндардың пайдасы ұшан-теңіз. «Нұр-Сармат» серіктестігінің бүгінгі өткізіп отырған шарасы да осыған саяды, — деді Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев.

Мақта кобайны

Аталған серіктестік төрағасы Әбдіманап Әбдуразақов бұл техниканың қол терімге қарағанда жұмысты анағұрылым жеңілдететінін, сонымен қатар қаржыға да мол үнем болатынын айтты.

— Серіктестік Яссы ауылдық округіне қарасты аймақта жүз гектар жерге егін ексе, соның сексен гектары — мақта өнімі. Біз мұнда мақта өсіру, өңдеу, оның жоғары сұрыпты бірегей және элиталы тұқымын дайындаумен айналысамыз. Сондықтан бізге мұндай техникалар аса қажет. Күніне он тонна мақта теретін техниканың өзге де шаруашылықтарға тигізер пайдасы молынан болатынына сенімдімін,- дейді серіктестік төрағасы А.Абдуразақов.

Мақта кобайны

Жаңа техникалармен жабдықталып, жұмыстарын жүйеге келтіруде жеңілдеген серіктестік жылына 10 тонна бірегей, 100 тонна элиталы мақта тұқымын дайындаса, оның жалпы егістік аумағы 192 гектар жерді құрайды. 29 адам жұмыспен қамтылған шаруашылық алдағы уақытта ақ алтын егетін жерді көбейтуді жоспарлаған.

Түркістан қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі