Түркістан тұрғыны қызғаныштан әйелі мен екі бауырын және қызын атып өлтірді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі журналистермен өткен брифингте хабарлады. Оқиға 10 қазан күні Түркістанда болған.
1985 жылы туылған жігіт қызғаныштен травмат қаруымен өзінің әйелін, екі бауыры мен 5 жасар қызын атып өлтірген. Бұдан кейін ол өз-өзіне қол салмақболыпты. Қазір күдіктінің 1963 жылғы анасы мен 2009 жылғы ұлы және өзі қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Оқиға орнынан полицейлер заттай айғақтарды тәркіледі. Оның ішінде 9 миллиметрлі Streamer маркалы травмат қаруы, үш гильза, екі оқ пен спорт гантелі және электрошокер бар.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталыпты.