Теміржол вокзалы

Шымкент теміржолы вокзалы маңы жайма базарға айналған. Еңбекші аудандық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары бұл олқылықтарға арнайы рейд кезінде көз жеткізді. Пойызға шығатын жолаушылар алаңында ретсіз сауда қыз-қыз қайнап жатыр.

Теміржол вокзалы

Соның  салдарынан ығы-жығы болған перронда жұртшылықтың жүруіне мүмкіндік жоқ. Мұнда, тіпті, ойын автоматтары орнатылып, әлдебір пысықайлар бизнесін дөңгелетіп отыр. Бұл жолы мамандар тек ескертумен шектелді. Егер ескертулер еленбесе талап бұзғандар әкімшілік айыпқа тартылады.

Тексеру шараларына жұмылдырылған тіл мамандары мұндағы хабарландыруларды сынға алды. Талап бойынша жолаушылар үшін қажетті ақпарлар үш тілде жазылуы тиіс. Әсіресе вокзалдың қақпасындағы Шымкент сөзінің бұрыс жазылуы тіл мамандарының шамына тиді.