Маусым айының басында ғаламторға жарияланып кеткен облыстық ішкі істер департаменті туралы хатқа қатысты дау тоқтар емес. Мекеменің белгісіз қызметкерлері жалпақ жұртқа жария еткен тілдей қағазда департаменттегі жоғары қызметтегі басшылардың полиция қызметкерлерінен үнемі ақша жинайтыны туралы жазылған болатын.
Сол кезде ІІД тексеру жұмыстары жүргізіледі деп, істі жылы жауып қойған. Нәтижесінде ішкі істер департаментіне қарасты №12 жол-патрульдің қызметінің рота командирі Сәкен Құрамысов қызметінен алынып тасталған. Офицерлік атаққа лайықты емес деп танылған капитан, өзіне жабылған кінәні заңсыз деп отыр. Енді ішкі істер органында 10 жылдан бері қызмет атқарған бұрынғы полицей сотта өз құқын қорғамақ.