Жас ақындар айтысы басталды

515
Ақындар айтысы

Шымкентте жас ақындар айтысы өтіп жатыр. Жыр бәсекесіне өңіріміздің 30 ақыны қатысып, ақтық сынға оны ғана жолдама алды.

Ақындар айтысы

Жас таланттардың қабілет-өнерін елімізге белгілі айтыскер аға буын ақындар — Маржан Есжанова, Жарқынбек Наушабек пен облысымыздағы жазушылар одағы филиалының төрағасы Бақытжан Алдияр бағалауда.

Айта өтейік, «Ақын айтса, ақиқат оянады» атты өнер байқауын биыл өңіріміздегі халық шығармашылығы орталығы мекемесі қолға алған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыр-айтыстың жоғары деңгейде өтуі үшін қазынадан 300 мың теңге қаржы қаралған.