Шымкент қаласының солтүстік бөлігіне жылу беру уақытша тоқтатылды. Ақпан батыр және Толстой көшелерінің қилысындағы диаметрі 700 мм құбыр жарылып кетіпті.
Ақауды №3 энергоорталықтың мамандары жөндеп жатыр. Десе де жаз айында осы құбырдың қысымын салқын сумен тексергендерін айтады.
Бүгінгі таңда жылусыз қалған шаһар орталығындағы көп қабатты үйлерді қаланың оңтүстік бөлігі арқылы жылуға қосу қолға алынды дейді қала басшылығы.