Қаратау ауданындағы ХҚКО-да құжат рәсімдеу басталды

455
Қаратау ауданындағы ХҚКО

Шымкенттің әкімшілік шекарасы өзгеруіне байланысты азаматтардың  құжаттарын тіркеу қажеттілігі туындаған болатын. Осыған орай Қаратау ауданына қарасы «Нұрсәт» шағынауданындағы № 5 қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы аталған қызмет түрін көрсуге кірісті.

Қаратау ауданындағы ХҚКО

Шаһар аумағына Сайрам, Ордабасы, Төле би аудандарынан өткен елдімекендердің азаматтары жеке сәйкестендіру нөмірін алуға қажетті құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесін тапсыруы тиіс. Оны рәсімдеуге қатысты сауал туындаса, 77-06-65 байланыс телефонын пайдалануға болады.