Шымкентте ланкестік әрекеттердің алдын алу мақсатында  қоғамдық орындарда қауіпсіздік шаралары қолға алынған. Қала әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Әуежай ғимаратының кіре берісіне тексеру жабдықтары орнатылған.

Барлық жолаушылар, әуежай қызметкерлері, сондай-ақ, жолаушыларды шығарып салушы және қарсы алушы тұлғалар арнайы құрылғымен тексерілуде. Ішкі істер желілік басқармасы да күшейтілген кезекшілікке көшкен.

Теміржол вокзалы

Шымкент теміржолы вокзалында да қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері   вокзал ғимараты және оның аумағында тәулік бойы кезекшілік жүргізуде. Күшейтілген іс шаралар жаңа жылға дейін жалғасады.