Қазақстан азаматы 28 келі заңсыз алтынмен ұсталды

524
Алтын контрабандасы

Шекарашылар Шымкент әуежайында алтын бұйымдарды заңсыз тасымалдамақ болған азаматты ұстап, ірі контрабандалық тауарды тәркіледі. Бұл туралы республикалық ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады. Күдікті — Қазақстан азаматы.

Алтын контрабандасы

Таңғы сағат 07:15-те ұсталған «Стамбул-Шымкент» бағытындағы ұшақ жолаушысының қолында зергерлік бұйымдар салынған үш сөмке болған. Ішінде 57 келі күміс, 29 келі алтын бұйымдар бар. Қолына кісен салынған 39 жастағы азамат әуежай тексеруінен тек күміс бұйымдар алып барамын деп, құжаттарды рәсімдеген.

Алайда жіті тексерудің нәтижесінде заңсыз тасымалданбақ болған алтын бұйымдар табылды. Тәркіленген тауарлар экономикалық тергеуге жібереледі деп жоспарланып отыр.