Биыл облыста егіс көлемі 770 мың гектардан асты. Оның ішінде көкөніс 36 мың гектарға егіліп, 830 мың тоннадан астам өнім жиналды. Ал бақша өнімдері 62 мың гектарға егіліп, түсім 1 млн тоннадан асып түскен.
Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Полатбай Тастанов мәлімдеді. Сала басшысы тілшілерді келер жылдың жоспарымен де таныстырды.
Айта кетейік, алдағы жылы мақта алқабы 20 мыңға ұлғайып, суармалы егістіктің көлемі артады. Сондай-ақ, Полатбай Тастанов ауыл шаруашылығы саласына берілетін субсидиялардың да қысқармайтынын қадап айтты.