21-қараша – халықаралық телеарна күні. 23 жылдық тарихы бар “Отырар” телеарнасының ұжымы кәсіби мерекесіне қарамастан қауырт жұмыс жасайды. Телекөрермендері үшін. 1992 жылдан бері Оңтүстіктің айнасы болған телеарна бүгінде шындықты шырмаусыз жеткізіп, жұртшылықтың қолдауына ие болып келеді.
«Отырар » телеарнасының әр күні, әр сағаты арнайы жоспарланады. Тапсырмалар мен эфирге ақпар дайындау — бұл ұжымның үйреншікті заңы.
Зәуре Оралбаева — «Отырар» теларнасының бас редакторы. Сондықтан ол мәтін жазып, я болмаса оны тексеріп жатқанда, немесе эфирге ақпарды жоспарлағанда тілшілердің мазалауға құқы жоқ. Мұнысын ол жаңалықты шұғыл әрі боямасыз баяндайтын “отырарлықтардың ” жұмысты қауырт қана емес, үлкен жауапкершілікті талап ететінінен көреді.
Зәуре Оралбаева, «Отырар» телеарнасының бас редакторы: «Бір уақытта ақпарат ең негізгі байлыққа, ең негізгі дүниеге айналады деуші еді. Міне, сол заман туды. Қазіргі қоғамда ең маңыдының бірі — ол ақпарат! Ал сол жаңалықты шынайы да өз деңгейінде анық етіп, халыққа ұсыну қажет. Ол — біздің міндетіміз. Себебі бұқара бізден соны күтеді ғой. Егер біздің ақпаратымыз расында да шынайы болса, жан-жақты толық қамтылса, көрерменнің үдесінін шығып, пайдалы болып жатса — еңбегіміздің жанғаны да осы».
Жаңалық эфирге, жұртшылық назарына жол тартуы үшін талай шаруа атқарылады. Тілшілер микрофонын ұстап, түсірілімге шығады, сұхбат алып, жаңалықтарды жинақтайды. Экслюзивті мәліметтерді іздеп табады. Келгесін мәтін жазып, материалды монтаждайды. Тағысын тағылар, көзге көрінбейтін жұмыстар жетерлік.
«Отырар «телеранысының ұжымы осындай қарбалас жұмыспен түрлі бағдарлама, тележобалар да түсіріліп те үлгереді. Бұл — көрерменнің сұрананысы, талап-тілегі.
Жақында жұртшылыққа жол тартқан «Мен үйленемін» телехикаясында басты рөл — Әлия сұлудың анасының рөлін «Отырар» телеарнасының тілшісі Шынар Оразова сомдайды. Жаңалық пен жоба арасындағы уақыт үнемдеудің құпиясын әріптесім ғана біледі.
Шынар Оразова, «Отырар» телеарнасының тілшісі: «Ізденісте де болуы керек тілшіде. Бір ғана Оңтүстікте қаншама телеарна бар. Және шетелдік бейнематериалдарға да көз салуды міндет етуіміз маңызды. Өзіміздің көрші Өзбекстан, Украйна, Ресейдегі әріптестерімізден де үйренеріміз көп».
Арқалағаны — алтын, жегені -жантақ жорналшылар халық пен билік арасындағы алтын көпірді нығайта түспек. Оған мамандақытарына деген махаббаты жетелейді.