Адам қаққан жүргізушінің соты басталды

409
Айыпталушы

Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі облыстық мамандандырылған ауданаралық сотта Жетісай қаласында көлікпен адам қағып, мерт қылу фактісы бойынша қылмыстық істі қарау басталды. Мемлекеттік айыптаушы жүргізушіге көлігімен адамды әдейі соғып өлтірді деген айып тағуда. Ал күдікті тарап өзінің кінәсіз екенін дәлелдеумен әлек.

Айыпталушы

24 жастағы Мақтаарал ауданының тұрғыны Қанат Ақшораевқа адам өлтіруге оқталып, жаяу жүргіншіні көлігімен қағып кетті деген айып тағылуда. Оған қатысты алғашқы сот отырысы басталды. Қылмыстық кодекстің ауыр баптары бойынша прокурор айыпты тізіп шықты.

Сот отырысында прокурордың ұсынысы бойынша алғашқы болып жәбірленушінің әкесі сұралды. Ол оқиғаға қатысты бар білгенін айтты.

Сарапшылардың берген мәліметі бойынша, Ақшораев сол күні мас халде болған. Бірақ оның қорғаушысы сотта бұл қорытындыға сенімсіздік танытқанын жеткізді. Өйткені сол сарапшының үстінен қылмыстық іс қозғалып жатқанға ұқсайды.

Алғашқы сот отырысында әзірге айыпқа қатысты дөп басып айтарлықтай анықтама жоқ. Дегенмен, біз бұл кісі өліміне қатысты істі өз бақылауымызда ұстайтын боламыз.

Ернар Балабеков