«Agri Tek Shymkent — 2015» көрмесі басталды

671
"Agri Tek Shymkent - 2015"

Облыс орталығында «Agri Tek Shymkent — 2015» халықаралық, мамандандырылған IV ауыл шаруашылығы көрмесі өтіп жатыр. Оған төрткүл дүниенің 10-нан астам мемлекетінен аталған саладағы бақандай 70 компания қатысты. Көрмеде соңғы технологиялық жабдықтар, қосалқы бөлшектер, мал және өсімдік шаруашылықтарына қажетті тың дүниелер таныстырылды.

Көрме орталығы

Көрме орталығында қойылған бұйымдар көп. Олардың денін түрік бауырлар жеткізіпті. «Генч Гючсан» компаниясы соңғы технологияны пайдаланып, соны жабдық жасап шыққан. Алқаптағы түрлі зиянкестермен күресуде сыйымдылығы 2 тонналық дәрі себетін цистернаның атқаратын ролі орасан.

"Генч Гючсан" компаниясының құралы
«Генч Гючсан» компаниясының құралы

Соның нәтижесінде егістік жайқалып, көшеттер еш кедергісіз бой түзейді дейді түрік кәсіпкерлері. Өздері қазір бұл техниканың шарапатын көріп жатыр екен. Құрт-құмырсқалар мен тозаң арқылы тарайтын түрлі аурудан алқапты аман алып қалуға болады дейді мамандар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=wSbIucoaMxk[/youtube]

Көрмеден жергілікті шаруалар да қалыс қалмады. Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылық ғылыми зерттеу институтының өкілдері облыстағы қаракөл өндірісінің озық үлгілерін ала келіпті. Бұл елтірі мен түрлі сырт киімдер кезіндегі Кеңес дәуірінде жасалған екен.

Елтірі

Бірақ бұл күндері оны тура осылай өңдеп, киім үлгісін дайындап шығатын кәсіпорын жоқтың қасы. Сондықтан институт мамандары маңызды іске инвесторларды тартуды мақсат етіп отыр.

Халықаралық маңызы бар шарада жаңа жабдықтар мен қосалқы бөлшектер, суару және тыңайту технологияларының озық үлгілері, мал шаруашылығы мен ветеринарлық салаға қажетті құралдар да таныстырылды. Бұдан бөлек жер айдап, алқапты игеруге аса керекті су жаңа техникалар көрсетілді.

Тракторлар

Бұл әмбебап тракторлардың мүмкіндігі барынша жоғары. Осы сияқты түрлі соны технологиялар қойылған көрме екі күнге жалғасатын болады.

Көрмеге арнайы келген облыс әкімі де мұндағы оқ бойы озық технологияларға өзінің жоғары бағасын берді. Енді жергілікті шаруалар өздерін қызықтырған құралдар мен бұйәымдарға қолжеткізу үшін шетелдік компаниялармен өзара келісім жасайтын болады.

Әрі қарай суреттер сөйлесін…

Жылқы

Бұқа

Бұқа

Комбайн

Ұшақ

"Agri Tek Shymkent - 2015"

Көрме

Көрме

Мақсат Жақсыбаев