«Алло, Қазақстан» тарифтік жоспарларының тізбегі қосылғалы «Ксеll» компаниясының тұтынушылары артқан. Бұл тарифті 1 млн аса қазақстандық қолданады екен. Ал тарифтің жаңа жоспары олардың санын екі еселейді деген болжам бар. Еркін сөйлесу аймағы артқан компания клиенттеріне интернет пакеттерін ұлғайтып отыр.
«Ксеll» өз тұтынушыларын жаңа тарифтік жүйемен қуантуды шектеген емес. Яғни, «Алло, Қазақстан» тарифінің мүмкіндігін кеңейтті. Мұны абоненттерінің бірі Әсел Макашева бірден байқаған. Өзге байланыс операторларынан әлдеқайда тиімді әрі арзан тарифке қосылғанына қуанышты. «Алло, Қазақстан» тарифінің арқасында еркін сөйлесуге көшкен. Әсіресе, еңбек демалыс мен іс-сапар кезіндегі байланыс үзілмейтініне риза.
Әсел Макашева, тұтынушы: «Мен бұған дейін өзге байланыс операторын қолданатын едім. Алло Қазақстан тарифі туралы естігелі, бірден кселлге ауысып кеттім. Тиімділігін бірден байқадым, әсіресе, іс сапар кезінде бірінші көмекшім болды. Күні-түні интернетте отырып, жұмысымды кедергісіз бітіресің. Достарыңмен бірлік санаспай сөйлесесің, маған ұнады».
Жағымды жаңалықтан интернет қолданушыларда құр қалмады. Олар үшін жаңа тарифтік жоспар ұлғайтылып отыр. «Алло Қазақстан ХS, С, М, Л» тарифтік жоспарларының тізбесі іске қосылды. Олардын арасында «Алло, Қазақстан L» тарифінде отыз күнге 45 ГБ интертен-трафигі беріледі. Одан бөлек желі ішінде 1690 минут тегін сөйлесесіз. Ал өзге байланыс операторларына 300 минуттық бонус та бар.
Марат Уәлиев, «KCELL» компаниясының өкілі: «2016 жылға жоспарланып отырған 4G желісін қосу барысында «Ксеll» өз назарын мобилді интернет қызметін күшейтуге бағыттауда. Осы мақсатта компания өз абоненттеріне танымал «Алло, Қазақстан» тарифтік жоспарының мобильдік интернетін ұлғайтуда.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Bgp1zEJbs2Y[/youtube]
Оң өзгерістер бәріне етене таныс «Пысық» және «Елім-ай» тарифтерінде де орын алды. Мұның барлығы «Ксеll» компаниясы клиенттерінің еркін сөйлесу аумағын арттыру үшін жасалып жатқан жағдай. Нарықтағы өзгерістерге байланысты құнын ғана емес, тарифтік жоспарын ұлғайтып отырған байланыс операторы әрбір тұтынушысына ерекше құрметпен қарайды. Алдағы жоспары тың компания өкілдері ұялы байланыс желісін жақсартуды да көздеп отыр.
*- жарнама негізінде