Шымкентте Samsung Galaxy S6 сатылымға шықты

343
Samsung Galaxy S6

Оңтүстік Кореяның «Самсунг» маркасын қолданушылар үшін жағымды жаңалық! Шымкентте Samsung Galaxy S6 және Galaxy S6 edge смартфондарының ресми сатылымы басталды. Алғашқы тұтынушылардың сөзінше, смартфонды сатып алғандарға ішкі байланыс желілеріне ақысыз қоңырау шалу мүмкіндігі мен 10 гигабайт интернет трафигі сыйға тартылады.

Samsung Galaxy S6
Samsung Galaxy S6

Кейбір тұтушылардың арманына айналған телефон суға батпайды, отқа жанбайды. Тіпті кез келген соққы да оған қорқыныш туғызбайды. Тәжірибе-тексеру кезінде Samsung Galaxy S6-ны суға да қайнатып көрген, автокөлікпен де басып өтіпті. Жаңғақты шағу үшін де қолданылды. Таңданатыны сол – бұдан телефонға ешқандай зиян келмепті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=DdoOsX5d4Bg[/youtube]

Мұндай ғажайып телефонның иесі атану аса қиын емес. Тек қаламыздағы «Кселл» компаниясы кеңселерінің қызметіне жүгінсеңіз болғаны. Ондағы бөлімшелерде 32, 64 гигабайт мәлімет қоры бар смартфондардың су жаңа түрлері таныстырылып жатыр. Ең бастысы, бұл заманауи смартфонды тиімді келісім пакеті арқылы алуға мүмкіндігіңіз бар.

 Жанат Жантурин, «Кселл» АҚ ШФ-ның менеджері: «Аталған өнімнің бірегей ерекшелігі – біздің абоненттер 15-55 мың теңге аралығында алдын ала төлем төлеп, смартфонды бірден қолына ала алады. Және біздің компания тұтынушыларына арнайы келісімді ұсынып отыр: оның ішінде дауысты трафик, хат-хабарлама және мобильді интернетті емін-еркін пайдалануға болады. Бастысы, біздің компания соңғы заманауи дүниелерді қолданысқа енгізгенімен мақтанады».

8057

Ендеше, флагман телефонға қол жеткізгіңіз келсе, компанияның абоненттік кеңсесі, яғни «Шымкент» орталық әмбебап дүкенінің № 101 дүңгіршегіне келіңіз. Мұнда білікті мамандар смартфондардың қыр-сырымен ғана емес, арнайы келісім пакеттерімен де таныстырады.

Айта кетейік, әлемдегі белгілі компанияларға бәсекелестік туғызған телефондарды енді айына 17, 11, 8 мың теңгеден бөліп төлеп, сатып алуға да мүмкіндік беріліп отыр.