Асар шағынауданындағы 2500 тұрғын үйге электр жарығы қосылды. Осыдан екі күн бұрын шағынауданды жарықпен қамтамасыз ететін жоғарғы кернеулі желі үзіліп, тұрғындар жарықсыз қалған. Қала басшылығы мен энергетиктердің шұғыл әрекетінің нәтижесінде ақау дер кезінде жөнделді.
Сөнген жарықтың салдарынан мұндағы жеке үйлерден бөлек 3 балабақша мен 2 мектеп жылусыз қалды. Білім нысандарындағы жеке қазандық қосылуы үшін электр энергиясы қажет. Десе де білім ошағындағы температура 18 градуста тұрған. Оны мамандар ауа райының жылылығымен түсіндірді. Тек екінші ауысым оқушылары жарықтың жоғынан сабақты 35 минут оқыды.
Қуаныштысы сол, шұғыл қолға алған іс нәтижелі болды, алғаш сәтсіз жалғанған желіні мамандар қайта қосып, кешкі сағат 8-де асарлықтарға жарық берілді. Жергілікті билік пен тиісті мекеме арасындағы түсіністікпен жасалған тірліке тұрғындар ризашылығын білдіріп жатыр.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=EFA_nhQ4r6M[/youtube]
Ал апатты жою жұмыстарының созылғанын мамандар үзілген желіні арнайы зертхана арқылы іздестірумен түсіндірді.
Нұрлан Жаңабай