Азаттықтардың үйлері бұзылуы мүмкін

310
Азат тұрғындары

Азаттықтардың айқайы. Қала әкімдігінің алдына наразылық білдіріп келген жұртшылық баспаналарын бұздырмауды сұрап, жыларман болды. Олардың осыдан 10 жыл бұрын тұрғызылған үйлері заңсыз болып шығыпты. Енді қала әкімі сол жерлерді заңдастырып берсе дейді көпшілік.

Азат тұрғындары

Азат шағынауданында үйлері бұзылуға жататын тұрғындардың қолдарында «Әкім уәдесінде тұрсын, қыста қайда барамыз?» «Үйлерімізді қиратпасын» деген жазуы бар плакаттар. Сот отырысында жеңіліс тапқан тұрғындар Қаратау аудандық әкімдігінің мамандары уәделерінде тұрмады дейді. Атқарушы билік өкілдері жер қожайынынан келісім аламыз деген екен. Енді олар қақаған қыста далада қалатын болдық деп шырылдап жүр.

Шаһарға Сайрам ауданынан қосылған елдімекендерде бұған дейін де талай дау туындаған. Сол себепті қала әкімдігінің мамандары Азат ауылына арнайы барып, бұзылуы тиіс үйлерді көрді. Белгілі болғаны, даулы жерге тұрғындар 2005 жылы құжатсыз баспана салған. Ал 2013 жылы аудан әкімдігі екі гектарға жуық жер телімін бір азаматқа ауыл шаруашылығына пайдалану үшін жалға беріпті. Кейін ол азамат жердің нысаналы мақсатын ауыстырып, саудаға салып жіберген. Енді қалалық жер қатынастары бөлімі сол аумақтың заңды берілуін тексермек.

Жергілікті билік сотқа хат жазамыз деп жұбатты жұрты. Онда үйлерді бұзуды кейінге шегеру қарастырылмақ.

Нұрлан Жаңабай