Бәйдібек би ескерткіші

Шымкентте Бәйдібек би ескерткішінде ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Осыдан үш жыл бұрын 25 қазанда пайдалануға берілген дүниені жаңартатын уақыт жетті дейді мердігер.

Ескерткішті жөндеу

Биіктігі тұғырымен қосқанда 25 метрге жететін баба ескерткішінің салмағы – 9 тонна. Тарихи дүние тұрған төбе жасанды болғандықтан, тұғыр астындағы топырақ біраз шөккен дейді мамандар.

Ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары үшін қала бюджетінен 20 млн тенге бөлініпті. Мердігер құрылысты жыл соңына дейін аяқтауы тиіс. Олар сол маңайдағы жарылған бетонды қайта құятын болады.