Бағаны негізсіз қымбаттатқандар жазаланды

243
Жанармай бекеті

Теңгенің еркін айналымына түскенін пайдаланып, жанар-жағармайдың бағасын негізсіз көтерген 25 май құю бекетінің басшылары айыпқа тартылған. Бұл нысандарда 8 млн 303 мың 298 теңгенің сұйық отыны тәркіленіп, 2 млн теңге әкімшілік айып салынған.

Жанармай бекетіТабиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің қыркүйек айынан бері жүргізген жұмысының нәтижесі осындай. Шымкент қаласы бойынша жанар-жағармайды бөлшек бағамен сатумен айналысатын 44 нарық субектісінің бәсекелестіке қарсы келісілген іс-әрекетеріне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті азық-түлік бағасын да қадағалап, тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады. Нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құрамына кіретін тауық еті, күнбағыс майы жұмыртқа және үн бағасын негізсіз көтерген 12 нарық субектісі жазаланған.

Департамент мамандары бұл салада жұмыстың әлі де жалғасатынын айтып отыр. Яғни, бағаны қолдан көтергендер жауапсыз қалмайды.