Шымкентте жұмыссыздардың қатары азаяды. Бұл жөнінде бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырған Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының басшылығы мәлімдеді.
Жауапты мамандардың айтуларынша, жәрмеңкеге 201 кәсіпорын мен мекемелер қатысып, 2015 бос жұмыс орынын ұсынған. Ал шараға келіп, жұмыс беруші тараптарға түйіндемелерін тапсырған жандардың қарасы қалың болды.
Екі қолға бір күрек іздегендер мұнда мекеме басшыларымен тікелей сұхбат жүргізіп, қызметке деген ынта-құлшысыныстарын көрсете алды. Тіпті ертеңнен бастап жұмысқа кірісуге мүмкіндік алғандар да бар.