Қошқарата өзені

Шымкенттегі дендрологиялық саябақта серуендеуді сүйетіндер үшін жағымды жаңалық. Демалыс орнындағы көлге 52 мың балық жіберілді. Енді қала тұрғындары мен қонақтары су жануарын қызықтай алады.

Қошқарата өзені

Сондай-ақ, Қошқар ата өзеніне де 12 мың балық жіберілді. Мамандардың айтуынша, балықтар өзеннің тазалығын қамтамасыз етеді әрі табиғатымыздың көркеюіне қосылған үлес болмақ.

Өзендегі балық

Айта кетейік, өзендерге тұқы, сазан сияқты балықтың үш түрі жіберілді. Тапсырысты «Көмешбалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары өз мойнына алған. Мекемеде қазіргі таңда 300 мыңдай шабақ өсіріліп жатыр екен.