Ерлан Айтаханов Созақ дәрігерлерін сынға алды

1203
Созақ аудандық аурухана

Созақта медициналық қызмет ақсап тұр. Алыстағы ағайын дәрігердің көмегін дер кезінде ала алмай әуре. Өйткені аудандық орталық аурухана мамандары сапалы көмекті көрсету былай тұрсын, ондағы мүмкіндікті дұрыс пайдалануға құлықсыздық танытқан. Сондай салғырттықтың салдарынан өлкеде өлім-жітім көрсеткіші көбейіп отыр.

Созақ аудандық аурухана

Созақ ауданындағы орталық ауруханаға заманауи медициналық қондырғылар орнатылғанымен, жергілікті дәрігерлер қолдағы бар мүмкіндікті пайдалана алмай отыр. Олар сапалы көмек көрсетуде салғырттық танытады. Бұл кемшілікті облыс басшылығы сынға алды.

Ерлан Айтаханов, облыс әкімінің орынбасары: «Халықтан сіздердің үстеріңізден түсетін арыз-шағым көп. Ұжым колектив дұрыс жұмыс істемейді.»

Орталық ауруханада емделген науқастардың саны былтырмен салыстырғанда көбейген. Ем алушылардың артуы алдын алу жұмыстарының өз деңгейінде жүргізілмеуінен болып отыр. Бұған қоса ауданда жыл басынан бері 12 нәресте шетінепті. Өліммен аяқталған төрт жағдайдың алдын алуға мүмкіндік болған дейді сарапшылар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=zarUQIr1nyA[/youtube]

Бұл — кемшіліктің бір тұсы ғана болатын. Теріскейдегі әлеуметтің денсаулығына немқұрайлы қараған ақ желеңділер жазасыз қалмайды деп қадап айтты Айтаханов мырза.

Ең өкінішітісі, дәрігерлердің жауапсыздығынан алыстағы ағайын жапа шегіп жатыр. Сондықтан ақ халаттыларға дереу ес жинап, елге сапалы қызмет көрсетуді қатаң ескертті облыс басшылығы.

Лаура Мамырова