Су тасқыны

Шаһардағы ирригациялық жүйелердің сын көтермейтіні кезекті рет дәлелденді. Бұл жолы жауын суы Арғынбеков пен Сухэбатор көшесін көлге айналдырды.

Су тасқыны

Мұнда көлік түгілі жаяу жүргіншінің жүруі қиындап кетті. Сала мамандарының мәлімдеуінше, қаладағы тап осындай су жиналатын көшелерге ирригациялық жүйе жүргізу үшін жобалық-сметалық құжат дайындалып жатқан көрінеді. Ол үшін бюджеттен 2,5 млн. теңге қаралған. Тек оның қай кезде мақұлданатыны белгісіз, сондықтан көше тұрғындары қыстың көзі қырауда қарлы су кешіп жүруге мәжбүр.