Тәртіптік кеңес

Мемлекеттік сатып алу сыбайлас жемқорлық етек алған салалардың бірі болып отыр. Бұл туралы облыстық мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мамандары мәлімдеді. Сарапшылар жыл басынан бері облыста өткізілген мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырылуына мониторинг жүргізген.

Тәртіптік кеңес

Соның нәтижесінде салаға жауаптылардың ұсынылатын қызметтер мен тауарлар бағасын қолдан көтеретіні белгілі болды. Жемқорлық мәселелері талқыланған дөңгелек үстелде агенттік өкілдері сыбайластыққа қатысты бірнеше жәйтті жайып салды. Айтуынша, мұндай олқылықтарға көбіне түрлі деңгейдегі әкімдік өкілдері жол береді.

Бұған қоса тәртіптік кеңесте бәйдібектік шенеуніктердің ісі қаралды. Онда аудандық тұрғын үй, коммуналды шаруашылық, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, одан бөлек, экономика және қаржы бөлімдері басшыларының тәртібі сынға алынды.

Олардың барлығы дерлік мердігер компанияларды мемлекеттік сатып алу конкурстарына негізсіз жібергені үшін мінбеде тұрып, ақталуға тырысты. Серіктестіктердің мүмкіндігі ескерілместен, қазына қаржысына сеніп тапсырған жағдайлар да кездесіпті.