Монғолиялық маман Оңтүстікте шеберлік сағатын өткізді

438
Операция жасау

Оңтүстікте Монғолиядан келген білікті маман шеберлік сағатын өткізді. Профессор Чинбурэн Джигжидсурэн және жергілікті дәрігерлердің қатысуымен бауырдың қатерлі ісігіне шалдыққан науқасқа кезекті ота жасалды. Дәрігерлер екі күн қатарынан үш күрделі операция жасап, өңірдегі әріптестеріне шеберлік сағатын өткізуде.

Операция жасау

Шетел дәрігері оңтүстікқазақстандық онкологтардың біліктілігін жоғары бағалады. Ол жалпы бауырға жасалған 5 ота да қан жоғалтусыз сәтті аяқталып, мұндағы дәрігерлердің қызмет көрсету сапасы халықаралық стандарттарға сай жоғары деңгейде жүргізілгенін атап өтті.

Айта кетейік, Ч.Джигжидсурэннің қатысуымен осы уақытқа дейін 30-дан астам ота жасалып, ұйқы безі мен бауыр ісігіне шалдыққан ауруларға 120-дан астам кеңес берілді. Жалпы жыл басынан бері облыста 100-ден аса бауыр қатерлі ісігіне және 70-ке жуық ұйқы безінің қатерлі ісігіне операциялар жасалады.

Қазіргі таңда облыс әкімдігінің қолдауымен обырға шалдыққан науқастардың сауығуы үшін қоғамдық ауруханаларда барлық жағдай жасалған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі