Ескекшілер олимпиадалық жолдамалардың саны бойынша рекорд орнатты

Садақ атудың шебері Луиза Сайдиева Бангкокта өткен Азия чемпионатының аясында арнайы сынақта көптен күткен жолдамаға ие болды. Луиза халықаралық дәрежедегі спорт шебері, алайда, Рио Олимпиадасы ол үшін алғашқы байрақты дода болмақ.

Садақпен атудан Луиза Сайдиеваның ендігі мақсаты Олимпиада жүлдесі
Садақпен атудан Луиза Сайдиеваның ендігі мақсаты Олимпиада жүлдесі

Сонымен қатар байдарка мен каноэде ескек есушілер де Азия чемпионатында рекорд орната алды. Индонезияда өткен құрлық біріншілігінде жерлестеріміз үш бірдей жолдаманы қанжығасына байлады.

Осыған дейінгі өзге сынақта Александр Емельянов пен Дәулет Сұлтанбеков та жолдама жеңіп алған болатын. Нәтижесінде қоржынымызда ескекшілердің төрт лицензиясы бар. Ел тарихында алғаш рет Оңтүстіктің ескекшілері осыншама жолдамаға қол жеткізіп отыр. Топты жарғандар: Наталья Сергеева, Ирина Подойникова, Александр Емельянов және Дәулет Сұлтанбеков, Тимур Хайдаров және Евгений Алексеев.

Ескекшілер олимпиадалық жолдамалардың саны бойынша рекорд орнатты
Ескекшілер олимпиадалық жолдамалардың саны бойынша рекорд орнатты

Мергендеріміз де үздік танылып, алғашқылардың бірі болып үш бірдей жолдамамен қуантқан болатын. Рашид Юнусметов, Елизавета Король және Юрий Юрков Рио Олимпиадасында сынға түсу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Ал боксшылар арасында Біржан Жақыповтың бағы жанды. Закир Сафиуллин мен Қайрат Ералиев та алдағы уақытта бұл мүмкіндікке қол жеткізуі мүмкін. Ол үшін жерлестеріміз құрлық біріншілігінде топ жаруы тиіс.

Жалпы әр спорт түрінде Олимпиада ойындарына дейін кем дегенде бір жарыс бар. Ол дегеніміз облыс қоржынындағы жолдамалар көбейе түседі.