Оңтүстікте жыл басынан бері 329 шақырым жол жаңарды

229
Жол жөндеу

2015 жылы облыстағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен көшелерінде құрылыс, қайта жаңарту, күрделі, орта және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 15,1 млрд теңге қаржы бөлінген. Оның 14,6 млрд теңгесі облыстық бюджеттен болса, қосымша 536 млн теңге республикалық бюджеттен қарастырылған. Бұл қаржыға 69 нысанда, соның ішінде 558,2 шақырым жолда жұмыс жүргізілуде.

Жол жөндеуАтап айтқанда облыстық маңызы бар 265,5 шақырым жолға және 1 көпірге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2015 жылы кестеге сәйкес 79,1 шақырым жол мен 1 көпір пайдалануға беру жоспарланған. Аталған нысандар бойынша 2015 жылдың қазан айында құрылыс жұмыстары аяқталып, бүгінгі күні қабылдау рәсімдері жүргізілуде. Ал қалған 186,4 шақырым жолдың аяқталу жұмыстары 2016 жылы жалғасатын болады.

Қала және аудан көлемінде 49 нысанда — 292,7 шақырым жолда және  2 көпір, 1 теміржол өткелі, 1 жер асты және 2 жер үсті өткелдерінде жұмыстар жүргізілуде. 2015 жылы 250 шақырым жол мен 1 жер асты және 1 жер үсті өткелдері кестелерге сәйкес пайдалануға беру жоспарланған болса, бүгінгі таңда аталған жұмыстар аяқталып, қабылдау рәсімдері жүргізілуде.

Қалған 42,7 шақырым жол мен 1 теміржол өткелі және 1 жер үсті өткелінің аяқталу жұмыстары 2016 жылы жалғасатын болады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі