Облыс прокурорлары сабақтан қалып, мақта терген 400-ге жуық оқушыны анықтаған. Бұл туралы «Интерфакс-Казахстан» агентігіне Мақтаарал ауданының прокуроры Нұржан Боранбаев мәлімдеді.
Құзырлы орган өкілінің айтуынша, 220 оқушысы бар Фердоуси мектебін тексергенде 215 шәкірттің сабаққа келмегенін анықталған.
-Олардың барлығы дерлік ата-анасына көмектесіп, мақта алқабында жұмыс жасаған. Теріп біткен соң өзге алқап иелеріне болысып, өз ата-анасына қаржылай көмектескен,-дейді прокурор.
Прокурорлық тексерудің нәтижесінде білім беру бөліміне ескерту беріліп, кедергілерді жоюға арнайы уақыт берілді.