Оңтүстікке Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі іс-сапармен келді. Ведомство басшысы әлеуметтік салада атқарылған тірліктердің барысын бағамдап, қаладағы бірқатар емдеу орталықтарын аралап шықты. Сондай-ақ күрделі операциядан шыққан науқастардың жағдайымен де танысты.
Министр ханым Оңтүстіктегі сапарын облыстық клиникалық аурухана жанынан ашылған соll-орталықтан бастады. Мұнда өңірдегі 112 медициналық ұйым бекітілген. Сондықтан азаматтардан денсаулыққа қатысты арыз-шағым қабылданып, қажетті әлеуметтік көмек көрсетіледі. Еліміздің бас дәрігерін мұндағы атқарылған жұмыстан гөрі орталықтың халық үшін тиімді жағы көбірек қызықтырды.
Облыстық онкологиялық диспансердің бүгінгі ахуалымен танысқан Тамара Дүйсенова мұндағы дәрігерлерден емханамен тығыз байланыста жұмыс жасауды сұранды. Өйткені қатерлі дертке шалдыққан науқастардың тек 25 пайызының өмірін аман сақтап қалуға мүмкіндік бар екен. Осылай деген министр халық арасында алдын алу шараларын күшейтіп, ел ішінде насихатты көбейту керегін қоса айтты.
Бұдан соң ведомство басшысы кардиологиялық орталыққа ат басын бұрды. Бұл денсаулық мекемесінің жүректегі ахауды емдеу үшін көптеген ота түрін жасауға мүмкіндігі бар. Ал жасөспірімдер үшін операцияның кез- елген түрі облыстық балалар ауруханасында жасалады.
Жыл басынан бері мұнда шетелдік кардиохирургтардың қатысуымен жиырмаға жуық ота жасалған. Олардың қатарында нәрестелер де бар.
Тамара Дүйсенованың сапары екі күнге жалғасады. Жұмыс барысында министр әлеуметтік саладағы жұмыстарды бақылап, қала тұрғындарына жаңа еңбек кодексіндегі нормаларды түсіндірмек.
Лаура Мамырова