Байтұрсынов көшесі

Қазылған көшелер көлік жүргізушілерінің наразылығын тудырдуда. Қарапайым тұрғындардың айтуларынша, полицияның техникалық қадағалау бөлімі кедергілерді дер кезінде жою үшін жұмыс жасамайды. Бір емес, бірнеше жерінен қазылған Ахмет Байтұрсынов көшесінде жүріп-тұру мүмкін емес.

Байтұрсынов көшесі

Әсіресе, жылу беруші мамандар асфальтты бұзып, жерді қазуда алдына жан салмайды. Өкініштісі сол, қазылған жол қалпына келтірілмей қалады.

Биыл Ахмет Байтұрсынов көшесі бес жерден қазылды. Жолда қандай да бір құрылыс жұмыстары басталғанынан хабардар етер белгі қойылмайды. Соның салдарынан жол-көлік оқиғасы жиілеп кеткен. Осыны ескерген көше тұрғындары өздері жанашырлық танытып, белгі қойып жатыр.

Байтұрсынов көшесі

Ал әкімшілік полициясы басқармасының техникалақ бөлімі мұндай мәселелермен бас ауыртпайды. Тұрғындар түгілі арнаның түсірілім тобы төрт күн бойы бөлім басшылығынан осы мәселеге қатысты мардымды жауап ала алмады. Ал жауапты қызыметкерлерін іздеп табу қиынға соқты.

Ал қала көшелерін ойлы жұңқырлы етіп қазап тастаған № 3энергоорталық АҚ мамандары шағал тас төсеуді ұмытпайды. Тек оны жайып, келтірген олқылықтарының орнын толтыруға келгенде қауқарсыздық танытуда.

Нұрлан Жаңабай