Медицина

Отандық медициналық құрылғылар нарық талаптарына толықтай жауап береді. Облысқа іс-сапармен келген «СК Фармация» басқармасының төрағасы Нұржан Әлібаев осылай деді. Ол «Қазмедприбор» кәсіпорнының тыныс-тіршілігімен танысып, онда шығарылып жатқан өнімдерге жоғары бағасын берді.

Медицина

Айта кетейік, компания 2009 жылдан бері дәрі-дәрмектерді сату және тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында дәрілік өнімдерді жеткізумен айналысады.

Зауыт еліміздегі ауруханалар мен емханаларды УДЗ аппаратынан бастап операция бөліміне қажетті құрал-жабдықтарына дейін қамтып отыр. 7 жылдық тәжірибесі бар кәсіпорынның өнімдері озық шетелдік құрылғылардан кем түспейді. Кәсіпорынға арнайы бас сұққан мәртебелі қонақ өзімізде өндіріліп жатқан отандық медициналық құрылғылармен танысып, жұмыс барысын шолып шықты.

Мұнда шығарылатын әр аппаратты дайындауға жергілікті шикізат қолданылады. Өндіріске қажетті заттардың 10 пайызы ғана сатылып алынады. Ал арнайы құрылғыларға орнатылған электронды төлем жүйесін инжинер Ильдар Хусаинов қадағалайды. Маман шығарылатын өнімдердің сапасына жауап береді.

Ал жедел медициналық көмек көрсету үшін пайдаланылатын көліктер мен жылжымалы техникаларды компанияның мақтанышы деуге болады. Көліктердің барлығы да осында жабдықталады. Бір көлікті жабдықтауға кем дегенде 17 млн теңге жұмсалады. Былтыр компания жабдықталған көліктердің 150 данасын шығарған. Қазір мұнда диагностикалық аппараттар жасалуда.