Отгонцэцэг Олимпиада ойындарына бір қадам жақындады

209
Олимпиадаға жолдама еншілеу үшін Отгонцэцэг дзюдо күресінен әлемнің үздік 15 палуанының қатарынан көрінуі керек.

Оңтүстіктің дзюдошысы Отгонцэцэг Галбадрах Олимпиада жолдамасына тағы бір қадам жақындай түсті. Қытайда өткен әлемдік гран-при жарысында жерлесіміз қоладан алқа тақты.

49 келіде сынға түскен спортшы алғашқы айналымда Германия және Италия палуандарынан басым болды. Ақтық сынға жолдама үшін таласта жапон спортшысына есе жіберіп алды. Алайда бұған дейін Отгонцэцэг Израиль және Корея палуандарын тізе бүктірген.

Еске сала кетейік, Галбадрах — Оңтүстікке Моңғолиядан ауысқан палуан.

Олимпиадаға жолдама еншілеу үшін Отгонцэцэг дзюдо күресінен әлемнің үздік 15 палуанының қатарынан көрінуі керек.

Александра Подрядовамен бір салмақта күресіп жүрген бойжеткенге шымкенттіктер үлкен үміт артып отыр. Ол әлемдік рейтингте алғашқы 15 үздік спортшының қатарына кірсе, олимпиадалық жолдамаға ие болады.