Сарығаштың соңғы кезде қылмыспен аты шығып жүргені жасырын емес. Жаға ұстатып, жан түршіктірген атыс-шабыс пен кісі өлімдерін азайтуға арнайы жасақ жұмылдырылып жатыр.
Бұл туралы аудан әкімі Бұхарбай Парманов орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен брифингте мәлімдеді. Өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайын журналистерге таныстырған басшы атқарылған тірліктерін түгендеп шықты.
Кейіннен ауданда асқынып бара жатқан криминогендік ахуалға тереңірек тоқталды. Соңғы жылдары өлкеде қылмыстың өршігенін әкім де мойындады. Сондықтан бастапқы шараларды қолға алып, баса мән беріп жатқанын тілге тиек етті.
Әкім аудандағы әлеумет санының көптігін айтып ақталды. Бүгінде Сарыағашта 320 мың халық 150 елдімекенде тұрады. Криминогендік ахуалдың күрделенуіне байланысты өлкенің бас полицейі де жылы орнымен қош айтысты деген аудан әкімі ендігі кезекте тәртіп сақшылары қылмыстың ізін табуға емес, оның алдын алуға міндеттелді дейді.