Шымкент қоржынында тағы бір жолдама бар

234
Жалғас Тайкенов

Шымкенттің ескек есушісі параолимпиадалық ойындарға қатысуға мүмкіндік алды. Осыған дейін Оңтүстікте спорттың бұл түрі аса дамымаған болатын. Оңтүстікте ескек есу базасы ашылғалы су спортының жаңа түрлерін ашуға мүмкіндік пайда болды. Нәтижесінде Жалғас Тайкенов енді облысымыздың ғана емес, Қазақстанның намысын Риода қорғайды. Мүмкіндігі шектелуі спортшы Оңтүстікке қоныс аудармай тұрып жолдамаға ие болған еді.

Жалғас енді шымкенттіктердің қатарында, фото спортшының жеке парақшасынан алынған
Фото спортшының жеке парақшасынан алынған

Қарашаның 18-інен бастап спорт және дене шынықтыру істері агенттігі де Жалғастың Оңтүстікке ауысуын мақұлдап, жаңа маусымнан бастап ол Шымкентте шеберлігін шыңдайтын болады. Жалғас байдарка мен каноэде ескек есуге дейін стритваркаутпен шұғылданып, көше спортында ептілігін танытқан. Енді ол Риодағы паралимпиада ойындарында сынға түспек ниетте.