«Шымкент – ақылды қала» жобасы таныстырылды

392
ОҚО әкімдігі

Оңтүстікте «Шымкент – ақылды қала» жобасының таныстырылымы өтті. Шымкент қаласында жүзеге асырылуы тиіс «Smart City» жобасын «Астана INNovations» компаниясының мамандары әзірлеген.

ОҚО әкімдігіДенсаулық сақтау саласының қызметтерінен бастап, көлік тұрағын реттеу жайы сынды қала халқының барлық мәселелеріне дейін қамтитын «Ақылды қала» технологиясына бүгінде Астана қаласы өтуде. Айта кетейік, аталған жоба негізінде әлемнің көптеген ірі қалалары жұмыс істейді.

Облыс әкіміне таныстырылған жобада тоғыз бағыт қамтылған. Олар — денсаулық сақтау мен білім, көлік – көлік тұрағы және қоғамдық көлік, тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы – көшені жарықтандыру, бірыңғай төлем құжатын ендіру және аталған салада дұрыс шешім қабылдауды үйрену, қауіпсіздік – қала бойынша бейнебақылау орнату, Шымкент қалалық әкімдігінің қызмет көрсету сапасын арттыратын зияткерлік байланыс орталығы сияқты бағдарлар.

Жобаны әзірлеушілердің айтуынша, Шымкентке «SMART-технологияны» ендірудің артықшылығы — шаһар жұртшылығының өмір сүру сапасы арта түседі. Сонымен қатар жергілікті бюджеттік шығындар азайып, сәйкесінше, кіріс көлемі ұлғаятын болады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі