Шымкентте құлдықта болған 9 жасар бала құтқарылды

435
Құлдықта болған бала

Шымкенттің прокурорлары құлдықта ұсталған деген күдікпен 9 жасар баланы анықтады. Өзбекстан елінің жеткіншегі рейд кезінде «Достық» шағынауданындағы үйлердің бірінен табылған.

Суық күні жеңіл киінген бала бірден көзге түсті дейді құзырлы орган өкілдері. Сұрастыру барысында баланың шетел асып келгені белгілі болды.

Құлдықта болған бала

Үй иесі, мүмкіндігі шектеулі жан, баланың мойнына барлық тірлікті жегіп қойыпты. Мұны көршілері растап отыр. Өзін жеткіншектің әпкесімін деп таныстырған тұрғын оны бес айдан бері жұмсап келіпті.

Аты — Хамит есімді бала мұнда әпкесінің үйінде тұрады екен. Жеткіншекпен бірге ілесе келген құзырлы орган өкілдері шытырман оқиғаның бетін ашады. Оған баланың әке-шешесін сағынғаны туралы айтқаны сеп болған.

Ал өзін әпкесімін деп таныстырған әйел — мүмкіндігі шектеулі жан. Үй иесі мүгедек болғандықтан, үйдің барлық тірлігі осы баланың мойынында жегілген. Тоғыз жасар жеткіншекті жұмсағандар оны жазалап, таяқ астына алып отырғаны көрінеді.

Құлдықта болған бала

Баланың үнемі таяқ жейтінін көршілері де растап отыр. Оның үйдің шаруасымен айналысып жүргеніне бес ай уақыт болғанын да айтып берді. Бұл оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды. Егер баланың айтқандары дәлелденсе, бөтеннің ұлын құлдықта ұстаған әйел жазаға тартылады.

Құлдықта болған бала

Балақай інісінің де тағдырына алаңдайтынын айтып салды. Айтуынша, төрт жасар бауыры Ақсу елдімекеніндегі апасының үйінде көрінеді. Әзірге белгісі — олардың ата-анасы Өзбекстанның Самарқанд қаласында тұрады. Қазір бұл оқиғанын анық-қанығы тексеріліп жатыр.

Нұрлан Қайназаров, Қарау аудандық прокуратурасының қызметкері: «Көршілерінің айтуынша, бұл бала осы үйде бір айдан бері жүрген. Ата-анасының кім екені, жас баланың қай елдің азаматы екені әзірге белгісіз. Ал үйдің иесі оны күнде ұрып-соққан. Соған қарамастан таяқ жеген бала мүгедек әйел мен оның баласына қарап жүрген. Қазір біз бұл баланы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына алып келіп, орналастырдық.»

Ернар Балабеков