Шымкентте биыл жолақысы қымбаттамайды. Бұл туралы Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаев мәлімдеді.
Маманның айтуынша, қоғамдық көлік тасымалымен айналысатын компаниялардан бағаны қымбаттату үшін ұсыныс түспеген. Тек «Гринбас» компаниясы жолақысын 80 теңгеге көтеруді сұраныпты.
Бірақ, бұл ұсыныс келер жылдың еншісіне қалды. Оған дейін барлық компаниялар жолақысын қымбаттатуға ұсыныс беру керек.
Бөлім басшысының айтуынша, ұсыныс беруші компания барлық талаптарға сай сапалы қызмет көрсетуі тиіс. Одан бөлек өзі ұсынған бағаны дәлелдеп, шығынан көпшіліктің алдына паш етуі керек. Яғни, Шымкентте жол ақысы қымбаттайды деген сыбыс негізсіз болып шықты.