Шымкентте көгершін өсірушілердің халықаралық форумы өтті

550
Көгершін форумы

Көгершін форумы

Шымкентте көгершін өсірушілердің халықаралық форумы өтті. Жиында Қазақстан және алыс-жақын шетелден келген мамандар көгершін ісіндегі маңызды жайттарды талқыға салды. Сирек кездесетін құстардың тұқымдарын селекцияландыру жайы да қаралып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=_seBcxq4_FI[/youtube]

Көгершіннің жайын бір кісідей білетін құсбегілер, ең алдымен, сұлу құстың сыртқы тұрқына қатысты тапсырмаларды анықтады. Негізгі жұмыс жоспарын бекіту қызу талқыға толы болды. Құрылғанына үш жыл болған қауымдастық мүшелері содан бері көгершін өсіруді жалпы стандарттарын анықтау бойынша бірқатар шаруалар атқарыпты.

Бақыт Бартекеев
Бақыт Бартекеев

Бақыт Бартекеев, «Гүлсар» клубының төрағасы: «Біз форумды не үшін ұйымдастырдық? Ең алдымен Қазақстан клубтарын біріктіру үшін. Елбасымыз айтқандай, біз қазірдің өзінде әлемнің алдыңғы қатарлы елу мемлекетінің қатарына кірдік. Құдай бұйыртса, отыздығына кіреміз. Бізде бәрі бар. Мықты иттер де, сұлу аттар да бар. Әсем көгершіндеріміз де болуы керек. Көгершін – бұл бейбітшіліктің, сәттілік пен ырыс-берекенің символы. Біздің барлығымыз да бір тудың, Қазақстан туының астына жиналуымыз керек.»

 

Көгершін форумы

Көгершін форумы

Форум кезінде сәндік көгершіндер қауымдастығының толық құрамы жарияланды. Оған Феликс Клугман президенттік етеді. Қауымдастықтың басқару кеңесіне елдің озық клубтарының жетекшілері мен өзбекстандық, ресейлік, америкалық көгершін өсірушілердің бірлестіктері кірді. Форум қорытындысында көгершін өсірушелердің таяу уақыттағы жоспарын регламенттейтін декларация қабылданды.

Атабек Юсупов
Атабек Юсупов

Атабек Юсупов, ҚР көгершін өсіру қауымдастығының баспасөз-атташесі: «Форумға қатысуға 150-дей адам келді. Көп адамның келгеніне қуаныштымыз. Шақырылған меймандардың барлығы да қатысты. Жергілікті көгершін өсірушілер де жиналды. Біздің қауымдастықтың басты мақсаты – осы іске жастарды көбірек тарту. Өскелең ұрпақтың көгершін өсіруге деген қызығушылығын ояту. Мұндай жандардың қатары жыл сайын артып келеді.»

Көгершін форумы

Көгершін форумы

Қонақтар мен белсенді форум қатысушыларын марапаттау меймандос жағдайда өтті. Қауымдастық жетекшілері барлық қатысушыларға сыйлықтар мен жүлделер берді. Сәндік көгершін өсіру тарихында алғаш рет он қатысушыға «Қазақстан Республикасында көгершін өсіруді дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі табысталды.

Жанерке Хумар