Шымкентте нан қымбаттайды

Бөлке нан

Бүгін белгілі болғандай, 16 қарашадан бастап Оңтүстікте нан бағасы қымбаттайды. Наубайхана мамандары мұндай шешімімен дүкен сатушыларын хабардар етіп қойыпты. Келесі аптада ас атасының бағасына 3 теңге қосылады.

Ал әзірге дүкен сөрелеріндегі бөлке нан бағасы — 40, кей жерлерде 45 теңгеден сатылуда. Әлеуметтік нанның қымбаттағанына қарамастан, соңғы кезде сұраныстың артып, тіпті, кешкісін сөрелер босап қалады дейді сатушылар.

Рана Ирсалиева- сатушы
Рана Ирсалиева

Рана Ирсалиева, сатушы: «Күн суытқалы нанға сұраныс артты. Мәселен, күн сайын тандыр наннан бөлек 100 бөлке нан аламыз. Соның өзі жетпей қалатын кездер болады. Бөлке нанды 35 теңгеден сатып алып, 40 теңгеден сатамыз. Наубайханашылар нанның бағасы 3 теңгеге қымбаттайтынын айтып кетті. Енді біз де үстіне ақшаны көп қоспауға тырысамыз».