S-OIL орталығы

Темір тұлпарды тізгіндегендер үшін жағымды жаңалық. Шымкентте «S-OIL компаниясының демеушілігімен көлік майын сататын дүкен ашылды. Жаңадан жұмысын бастаған орталықта әлемдік стандартқа сай келетін сұйық өнімнің кең таңдауы ұсынылады.

S-OIL орталығы

Оңтүстік кореялық «S-OIL» компаниясының автомобиль майы алғаш рет Шымкентке жеткізілді. Мұндағы тауар әлемдік талапқа сай келеді. Сатылымға қойылған сұйық өнім автобустарға, ауыр және жеңіл көліктерге пайдалынылады.

«S-OIL» компаниясының S-OIL SEVEN және DRAGON мотор майлары жоғары сапалы болып саналады. Оның үстіне бағасы қымбат емес. Ең бастысы, өнім экологиялық талаптар бойынша алдыңғы көрсеткішке ие болған. Сондай-ақ «S-OIL» компаниясы Қазақстанда алғаш болып «Евро- 6» стандартына сай келетін тауар ұсынған.

Сауда орталығындағы көлік майларын алғашқы күндері жеңілдікпен сатып алуға болады. Сондықтан ертерек қамданған жөн. Жұмысын жаңадан бастаған дүкен Диваев көшесіндегі №102 үйде орналасқан.

Лаура Мамырова

* – жарнама