Шымкенттің оқушысы шетел асып кеткен

281
прокуратурада тілішілерге есік ашық

Шымкентте жасы кәмелетке толмаған баланы шетел асыруға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бір қызығы, Абай ауданының прокурорлары баланың тағдыры үшін алаңдаушылық танытса, жоғалған жеткіншектің ата-анасы сыр білдірмей отыр.

прокуратурада тілішілерге есік ашық
прокуратурада тілішілерге есік ашық

Бұл факті Абай ауданы прокурорларының Шымкенттегі №53 мектепті тексеруі кезінде анықталған. Жоғарғы сынып оқушыларының бірі сабаққа көптен бері келмей жүр екен. Оны іздеп, үйіне барған құқық қорғаушылар жеткіншек Кореяға емделуге кетті деген мәлімет алады.

Алайда, тергеу барысында баланың көкесімен Өзбекстанға кеткені анықталды. Дегенмен, жасөспірімнің көкесі азар да безер болып, бұл уақытта өзінің Астанада екенін айтқан. Ол факті дәлелденген соң прокурорлар жеткіншекті іздестіруді жалғастыруда.