Шымкенттің оқытушысы эстакадамен жүретін троллейбус ойлап тапты

230
Шымкент - 2020

Шымкенттік оқытушы қоғамдық көліктің жаңа қазақстандық жүйесін ойлап тапты. Оның жобасы жүзеге асса, эстакада үстіндегі бір рельстік жолмен кәдімгі троллейбустар қатынай алады.Шымкент - 2020

Тек көліктің астыңғы жағына бағыттаушы темір дөңгелектер орнатылады. Бес метр биіктікте салынатын көпірдегі бағыттаушы жүйе қиылыстарға келгенде өздігінен автоматты түрде ауысады. Ешқандай кедергі болмағандықтан, жолаушының діттеген жеріне жылдам жетуіне мүмкіндік береді.

Педагог өз жобасының ірі қалалардағы көлік кептелісін шешуге сеп болатынына сенімді. Бұл экологиялық жағынан да тиімді. Құрылысы метроға қарағанда арзан әрі жылдам.

Жалпы 156 млн АҚШ долларына бағаланған идея 5,5 жылда өзін-өзі толық ақтайды дейді мұғалім. Қазір Махмудхан Тұрсынов өз жобасына патент алып үлгерген. Мұндай монорельстік көліктік жүйе әлемнің 55 елінде қолданылып келеді екен.

— Алайда оның бірде-біреуінде троллейбусты жүргізу қаралмаған, — дейді Махмұдхан Тұрсынов. — Еуразиялық патент беру ұйымында тіркелген жоба «Монокөліктік жүйе» деп аталады. 55 мемлекет ішінде мұндай монорельс жоқ. Сондықтан «Қазақ монорельсі» деп атасақ та болады деп ойлаймын.

24.kz